Ел жаңалықтары

Қыз жасауын түйе мен ат арбаға салып келген құдалар дүйім жұртты тәнті етті

  • Қыз жасауын түйе мен ат арбаға салып келген құдалар дүйім жұртты тәнті етті

    Қыз жасауын түйе мен ат арбаға салып келген құдалар дүйім жұртты тәнті етті


 




Әлеуметтік желіде ерекше әдемі құдалықтың видеосы тарады. Қазақ халқының ежелгі дәстүрінің жағырғанына бәрі қуануда.  Қазақтың қара домбырасымен әндетіп, қыз жасауын түйе мен ат арбаға салып келген құдалардың әрекеті дүйім жұртты тәнті етті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.


Қыз жасауын түйе мен ат арбаға салып келген құдалар дүйім жұртты тәнті етті (видео)


Желіде тараған видеода қыз берген жақтың қалыңдық жасауын түйе мен ат арбаға салып, домбырамен әндетіп келе жатқаны бейнеленген. Бұл ерекше құдалық әрине желі қолданушыларының назарына ілінбей қалмады. Олар қазақтың салт-дәстүріне сай жасау әкелген той иелерінің әрекетіне тәнті болып, ыстық лебіздерін білдіруде.


Қыз жасауын түйе мен ат арбаға салып келген құдалар дүйім жұртты тәнті етті


«Өте адемі. Ешқандай да ысырапшылық емес, қазақтың домбырасымен, әсем әнімен, әдемі оюларымен жарқырап келіп, салт-дәстүрді жаңғыртып жатыр, жарайсыздар!


Той болсын, осындай тойға жете берейік, жастар бақытты болсын, біздерге де қыздарымызды абыроймен шығарып салуды нәсіп етсін.

Көлікпен əкелгенше осылай түйемен əкелген күшті ғой. Екі жас бақытты болсын,бізде осындай тойға жете берейік.


Қоржын құда келді, ертеде қоржын құданы ерекше күткен, несі бар әдемі көрініс»,- деген пікірлер қалдырған желі қолданушылары. 


Жыз жасауын түйе мен ат арбаға салып келген құдалар дүйім жұртты тәнті етті

 




 




Көрілген: 1676    Пікірлер: 0

сенбі, 04.05.2019, 16:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30