Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қыздар ерлерге қарағанда емтиханды жақсы тапсырады - "Азаматтарға арналған үкімет"

09 желтоқсан 2021, 18:50

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызмет көрсету жөніндегі басқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев статистика бойынша қыздар ерлерге қарағанда жүргізуші куәлігін алу емтиханын жақсы тапсыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұхаметқалиев емтиханды 20-21 жас аралығындағы жастар жиі тапсыратынын атап өтті.

"Теорияны қыздар жақсы тапсыратыны туралы статистика бар. Жігіттер тәжірибе жағынан жақсы сияқты көрінеді, бірақ қай жерде де қыздар басым. Менімен қоса емтханды бір жүкті әйел де тапсырды. Ол жүргізуші мектебінен өткенін айтты, үш апта дайындалып, екінші рет тапсырған. 35 жастағы әйел ешқашан көлікке мұқтаж болмағанын, қазір жүкті болғасын, қажеттілік туындағанын айтты", - деді Бахтияр Мұхаметқалиев. 
 
Ол курсанттарды даярлау сапасы өте төмен екенін атап өтті.

"Олар оңай болады деп ойлайды. Содан кейін ашуланады. Халық емтихан тапсыруға келмес бұрын бәрін түсініп, ұғынса екен деймін. Сондай-ақ, олар нұсқаушымен бірге жүре алады, ол не істеу керек екенін көрсетіп отырады. Бұл дағдылар өмірде де қажет болады. Мұның бәрі жолда біліктілігі жоқ жүргізушілерді азайту үшін жасалған", - деп түсіндірді ол.