Ел жаңалықтары

"Қызыл армия жауынгері" кейпіндегі Тасмағамбетов желіде талқыға түсті

  • "Қызыл армия жауынгері" кейпіндегі Тасмағамбетов желіде талқыға түсті

Ғажайып даусымен күллі әлемді бағындыруға қадам жасаған Димаш Құдайбергеннің желідегі жаңа жазбасы қызу талқыға түсті. Жас әншінің Ресейдегі Қазақстанның бұрынғы елшісі, белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетов және ресейлік танымал композитор Игорь Крутоймен түскен суреті көптің назарын аударды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаштың суретіне берілген анықтамаға сүйенсек, сурет 8 наурыз күні Ресей астанасында түсірілген.

Фотода Иманғали Тасмағамбетов Қызыл армияның жауынгері Федор Суховқа ұқсап қалған.

Бұл кейіпкер - көпшіліктің сүйікті кеңестік фильміне айналған "Белое солнце пустыни" туындысының басты қаһарманы. Режиссер Владимир Мотылдың аталмыш фильмі 1970 жылы жарыққа шыққан.

Димаш пен Крутойдың ортасында тұрған Тасмағамбетовтың кәдімгі әртістерше гримделгені, арнайы әскери киім кигені көрінеді.

Онымен қоса, саясаткердің қолына аталған кинокартинада жолдас Сухов пайдаланған шәйнекті ұстап тұрғаны да көрініс тапты.

Димаш Құдайберген жария еткен бұл сурет желіде қызу пікірталас тудырып, қазақстандықтар Иманғали Тасмағамбетовтың не себепті мұндай образда тұрғанын білмей дал болды.
Алайда әншінің әкесі Қанат Айтбаев желіде KAZ.NUR.KZ журналисіне жауап берді. Оның сөзінше, бұл көрініс достарға арналған әзіл-роликтің түсірілімі кезінде болған.




Көрілген: 1298    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.03.2020, 14:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31