Ел жаңалықтары

«Қызыл, сары мәртебесі бола тұра, әуежайға келетіндер бар»: вице-министр Ashyq жобасы туралы

  • «Қызыл, сары мәртебесі бола тұра, әуежайға келетіндер бар»: вице-министр Ashyq жобасы туралы

    «Қызыл, сары мәртебесі бола тұра, әуежайға келетіндер бар»: вице-министр Ashyq жобасы туралы

Көліктегі бас санитар дәрігердің қаулысымен 11 мамырдан бастап Ashyq жобасына қатысатын әуежайларды қоспағанда, «қызыл» аймақта орналасқан шығарып салушылар мен қарсы алушылардың әуежай ғимараттарына кіруін шектеу бойынша талаптар қойылды.

 12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы осы жобаға қосылды. Шығарып салатын және қарсы алатын жолаушылар әуежай ғимаратына қосымшаның көмегімен өтеді.

Цифрлық даму вице-министрі Әсет Тұрысовтың айтуынша, әуежайға енгізілген Ashyq жобасы аз уақыт ішінде тиімділігін көрсеткен.

«Мәртебесі қызыл – 8, мәртебесі сары 9 жолаушы анықталды. Бұл адамдардың індет жұқтырғанын, ауырып жүргенін біле тұра, әуежайға келіп, Қазақстан бойынша жүруге тырысатынын көрсетеді», - деді вице-министр.
Ashyq жобасы 21 мамырдан бастап Алматы қаласының әуежайында да енгізіледі.

Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Төлеповтің айтуынша, Ashyq қосымшасында адамның мәртебесі қызыл түсті деп анықталса, жолаушыға билет құны толықтай өтеледі немесе қайта брондауға мүмкіндік беріледі. Ал сары түсті мәртебе анықталса, әуе компаниясы мен жолаушы арасындағы әуе тасымалының шарты бойынша төлем жүргізіледі.

Ashyq –  қоғамдық орындарға баратын адамдарды тіркеуге арналған қосымша. Нысанға кірмес бұрын пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді де, оны кіреберісте тұрған әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Ал азаматтардың статусы денсаулық сақтау министрлігіндегі мәліметтер базасымен салыстырғаннан кейін белгілі болады.




Көрілген: 655    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 16:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30