Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қайтыс болды

25 қараша 2020, 11:27

Қызылорда облысының ТЖД басшысы Бағдат Данилов 48 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.

«ҚР ТЖМ ұжымы ​Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Данилов Бағдат Жұмаұлының мезгілсіз қаза болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деп жазылған көңіл айту хатында.
Данилов Бағдат Жұмаұлы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш ауылында 1972 жылғы 31 наурызда дүниеге келген.

1990 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында аянбай қызмет еткен.

2015-2020 жыл аралығында Жамбыл облысы ТЖД бастығы болды. Бүгінге дейін Қызылорда облысы ТЖД бастығы қызметінің бастығы болды.

Азаматтық қорғау полковнигі әріптестеріне сыйлы, туыстарына құрметті адам болған. Атқарған қызметіне сай медальдармен, төс белгілермен марапатталған.