Қызылорда облысында белгісіз біреулер аялдамада тұрған 3 жасөспірімге оқ жаудырды

16 желтоқсан 2021, 11:27

Қызылорда облысында Байқоңыр маңындағы Төретам ауылында  аялдаманың жанында жасөспірімдерге оқ жаудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жарақат алған үш бала ауруханаға жеткізілді. Полиция төтенше оқиға сағат 18.00 шамасында болғанын хабарлады.

Полиция қызметкерлері қылмыстық іске қатысы бар күдіктілерді ізін суытпай қолға түсірген. 

Қылмыстық коекстің 99-бабы 3-бөлігі ("жас баланы өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өйткені аяғына дейін жеткізілмеген қылмыс күдіктінің өз еркімен бұзылмаса, болмаса, "адам өлтіру" бабы бойынша тергеледі.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдайдың мән-жайы анықталуда.

Күдікті он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.