Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қызылорда облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

25 желтоқсан 2022, 10:47

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты тіркеліп, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.

 
24 желтоқсан күні сағат 10:50 шамасында Самара - Шымкент тас жолының 1270-ші шақырымында (Арал ауданы) жол-көлік оқиғасы орын алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша Lexus автокөлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қаза тапты.

Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.