Қызылорда облысындағы мектептердің бірінде бу қазандығы жарылды

14 қазан 2021, 22:24

Қызылорда облысына қарасты Тасарық ауылында мектептегі бу қазандығы жарылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Бірақ бу қазандығы жарылған мектепте жағдай әлі қалыпқа келмеген. Пеш орналасқан  ғимарат опырылып, сол күйі қирап жатыр. Бірақ сабақ тоқтамаған. Ата-аналар балалардың суық ғимаратта білім алып жатқанына алаңдап, мәселе көтерді.

 “Балаларымызды уайымдаймыз. Күз келді, күн салқындады. Нағыз от жағатын кезі. Балалардан сұрасақ қалың киіммен отырамыз дейді”, – дейді ауыл тұрғыны Едіге Сапаров. 

Жауаптылардың айтуынша мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Қазандықтар да айтарлықтай ескі емес.. Қазір оқиғаның себебін мамандар анықтап жатыр. Ал мектеп басшылығы оқушылар тоңып қалмайды деп отыр.

“Күн суытқан жағдайда уақытша электрлі бу қазандықтары қосылады деп жоспарлануда. Бүгін осы мақсатта барлық қондырғылар жеткізілді”, – дейді мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Әлия Талғарбекқызы.