Ел жаңалықтары

Қызылорда тұрғыны 250 кг торта балығын заңсыз аулаған

  • Қызылорда тұрғыны 250 кг торта балығын заңсыз аулаған

    Қызылорда тұрғыны 250 кг торта балығын заңсыз аулаған

Қызылордалық полицейлер «Уылдырық» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлады  BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, «Уылдырық-2021» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Іс-шараның жеті күнінде сегіз әкімшілік және екі қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Сәуір айының 6-сы күні полиция қызметкерлері Арал-Балық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шара кезінде заңсыз балық аулаудын екі дерегін анықтады.

 Атап айтқанда, Арал ауданы, Көкарал теңізінің жағасындағы тыйым салынған аймақта қайықпен ау салу арқылы бес қап 250 келі торта балығын заңсыз аулағаны үшін Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды. 

Сондай-ақ, сол күні дәл осы тектес жағдайда 200 келі торта балықтарын аулағаны үшін Арал ауданының тұрғындары ұсталды. Айғақ заттар алынды. Екі дерек бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.




Көрілген: 161    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 16:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31