Ел жаңалықтары

Қызылорда тұрғыны көлігін айыппұл тұрағына қойғаны үшін полицияға шабуылдады

  • Қызылорда тұрғыны көлігін айыппұл тұрағына қойғаны үшін полицияға шабуылдады

    Қызылорда тұрғыны көлігін айыппұл тұрағына қойғаны үшін полицияға шабуылдады

Қызылорда тұрғыны көлігін айыппұл тұрағына эвакуациялағаны үшін полицияға шабуылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

12 мамырда сағат 13:00 шамасында Қызылорда қалалық ПБ-ның қызметкерлері Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бірінде қызмет атқару барысында ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-бөлігінде (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) көзделген құқық бұзушылықпен “Ауди А6” маркалы автокөлігін тоқтатқан.

 
Сол жерде автокөлік жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында сақтандыру куәлігі жоқ болып, ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігінде (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) көзделген құқық бұзушылықты жасағаны анықталып, осыған байланысты автокөлікті айып тұрағына алып бару туралы шешім қабылданған. Қабылданған шешіммен жүргізуші келіспей, полиция қызметкерлеріне қатысты балағат сөздер айтып, өзіне қатысты жасалған ескертулерге мән бермеген. Бұдан бөлек, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, оларға қатысты күш қолданып, заңға қайшы іс-әрекеттер жасаған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында жүргізуші 2016 жылы осы тектес қылмысты жасағаны үшін сотты болып, оған бір жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалғандығы белгілі болды. Күдікті Қызылорда қалалық ПБ-ның уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Мән-жайлар анықталуда. Полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.




Көрілген: 596    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 16:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30