Ел жаңалықтары

Қызылордада 15 наурыздан бері коронавирус анықталған 11 жүкті әйел босанған

  • Қызылордада 15 наурыздан бері коронавирус анықталған 11 жүкті әйел босанған

    Қызылордада 15 наурыздан бері коронавирус анықталған 11 жүкті әйел босанған

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында соңғы тоғыз күнде коронавирус инфекциясы анықталған 8 жүкті әйел босанды. Бұл жөнінде орталықтың бас дәрігері Гүлнәр Жұмашева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бас дәрігердің айтуынша, 15 наурыздан бері карантиндік шараларды сақтана отырып, орталықта барлығы 3074 ана босанған. Оның ішінде 11 әйелден COVID -19 диагнозы анықталды.

 

«Соңғы 9 күнде COVID-19 диагнозы қойылған 8 жүкті әйел босанды. Оларды босандыруға Ақмарал Жанәбіл, Жанар Нұрымбетова, Айнұр Әжімұрат, Дана Нұртазаева, Ақбота Қоңқабаева сынды дәрігер, акушер-гинекологтар атсалысты. Ал акушерлер Айгерім Еңсепбаева, Ғалымжан Құдайберген де бұл бағытта көп жұмыс атқарды. Одан кейін нәрестенің жағдайын қадағалауға Раушан Балтаева, Мақпал Керейтбайқызы, Шынар Қасымова неонатологтар, мейірбикелер қатысты.

 

Ана мен баланың қауіпсіздігі мен індеттің алдын алу үшін маңызды шешімдер қабылданып, тиісті шаралар дер кезінде атқарылуда. Осыған сәйкес орталықта карантиндік шектеулер қатаң сақталып жатыр. Орталықтың екі ғимаратында да науқастардың күнделікті COVID-19 ауруына күдікті науқастармен байланысын болдырмау мақсатында фильтризолятор қызметі жалғасып, екінші ғимаратымызда провизорлық стационар қайтадан ашылды. Қазіргі таңда орталықтың провизорлық стационары барлық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен, жеке қорғаныш құралдарымен қамтылған», - деді орталықтың бас дәрігері.

 

Оның айтуынша, жалпы облыстық перинаталдық орталығында 620 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 35-40%-ке жуығы жастар. Пандемия кезінде өмірлерін қауіпке тігіп, қызмет істеген мамандарымыз мемлекет тарапынан қолдау тапты. Дәрігерлер, акушер, мейірбике, тазалықшыларымызға провизорлық стационардан үстемақы төленіп отыр.

 

Естеріңізге сала кетелік, 27 маусымнан Қызылорда қаласында карантин күшейтілді.




Көрілген: 288    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 08:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31