Қызылордада 21 жасар қыз балконнан секіріп кетті

15 наурыз 2021, 16:46

Қызылордада көп қабатты үйдің балконынан секіріп кеткен 21 жастағы қыз секіріп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бұл жөнінде Қызылорда қалалық полиция басқармасына хабарлама келіп түскен. Онда 1999 жылғы азаматшаның көп қабатты үйдің балконынан секіріп кеткені айтылған.

 
"Облыс орталығының 21 жастағы тұрғыны медициналық мекеменің жансақтау бөліміне жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1 бөлігімен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.