Ел жаңалықтары

Қызын перзентханадан ГАЗельдер кортежімен шығарып алған жігіт желіні шулатты - фото

  • Қызын перзентханадан ГАЗельдер кортежімен шығарып алған жігіт желіні шулатты - фото

    Қызын перзентханадан ГАЗельдер кортежімен шығарып алған жігіт желіні шулатты - фото

ГАЗель жүргізушілері ұйымдастырған ерекше флешмоб желіде қызу талқыланып жатыр.


Әлеуметтік желілерде қызын перзентханадан ерекше шығарып алған көкшетаулықтың кортежі қызу талқылануда. Ондаған ГАЗель көлігімен көшелерді аралаған бақытты әке бірінің ашуын тудырса, енді бірін таңғалдырды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.


Бейнероликтен нәрестенің әкесі ГАЗель жүргізушісі болып істейтінін түсінуге болады. Оны қуанышты сәтте әріптестері қолдап, перзентханаға бірге барған.

Sputnik Қазақстан тілшісіне жүргізушінің туысы оның, осылайша, әйелін қуантқысы келгенін айтты. Кішкентай қыз отбасындағы үшінші бала.

"Ол баланы перзентханадан шығару сәті еш нәрсеге ұқсамайтындай болғанын қалады. Өмір бойы есте қалатындай етіп жасағысы келді. Бәрі күлді, әрине. Өйткені өте қызықты болды",- дейді жүргізушінің туысы.


Бейнероликке тұрғындар бірнеше пікір жазған. Бірі медициналық мекеменің жанында ондаған көлік кортежінің жүргеніне ашуланса, енді бірі бақытты әкені қолдап жатыр.


Тұрғындардың бірі қыздың әкесі танк жүргізушісі болса, не болар еді деген таңданысын жасырмаған.


"Мен осы кортеждің артынан саяжайға дейін бардым. Бәрі қайдан шықты десем, перзентханадан келе жатыр екен ғой", - деп жазады көкшетаулық.


Тұрғындардың дені сәбиді перзентханадан ерекше кортежбен шығарып алу керемет идея деп бағалаған.




Көрілген: 1007    Пікірлер: 0

жұма, 26.04.2019, 21:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30