Ел жаңалықтары

Лауазымды қызметке тағайындалған Бесбаевтың өнерден кеткені рас па

  • Лауазымды қызметке тағайындалған Бесбаевтың өнерден кеткені рас па

    Лауазымды қызметке тағайындалған Бесбаевтың өнерден кеткені рас па

Әйгілі "МузАрт" әншісі Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың штаттан тыс көмекшісі болғалы өнер ортасынан көрінбей кетті. Эстрада жұлдызының шығармашылықты ысырып, толығымен саясатқа бет бұрғаны қаншалықты рас екенін "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.


Бесбаев лауазымды қызметке келгеннен кейін алғаш рет сұхбат беріп, жаңа жұмысында қандай істерді атқарып жүргенін айтты.


Оған қоса, ол әншіліктен қол үзгені жайлы қауесеттерге жауап берді.


"Әр нәрсе өз уақытымен ғой. Бірақ, мен өмір-бақи сахнада 90-ға келгенше өлең айтып тұрамын деп ойламаймын. Сондықтан әр кезеңдер болады.

Эстафетаны осындай мықты бауырларымыз бар кезде, сахнаны қорықпай беріп кете бересің.


Бұл тағайындалуға өзім өте қуаныштымын. Өз саласына өзінің адамдары барғаны дұрыс. Ол түсінеді, жаны ашиды. Бірақ, әр саланың өз жанашыры отырса, ол шынымен алға қарай бір қадам жасалады деп ойлаймын.


Жас әншілерді қолдау керек. Әсіресе, дәстүрлі әншілерді. Қазақи әншілерді жүрегіммен қолдаймын.

Біздің сарайдың төңірегінде қаншама проблема бар. Бәрін ақырындап шешіп жатқан сияқтымыз. Әйтеуір, ойымызды тыңдап жатыр. Соған рахмет айтамын.


Орындық, мансап қуып жүрген адам емеспін. Шынымен көмектескім келіп, осы шешімге келдім.


Өздеріңіз көріп жатқан шығарсыздар өнердің төңірегінде біраз өзгеріс болғанын. Әлі де болады. Оны жастар біледі. Оны айтпай-ақ қояйыншы" , - деп қайырды ол.




Көрілген: 642    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.10.2019, 16:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30