Ел жаңалықтары

"Лауазымынан айыру керек": Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметкерлер жайлы

  • "Лауазымынан айыру керек": Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметкерлер жайлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің азаматтығын иеленген шенеуніктер жайлы сөз етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазақстанда да бірқатар мемлекеттердегідей қос азаматтыққа тыйым салынған. Бұл ереже біздің Конституциямызда бар. Алайда соңғы кездері тіпті, мемлекеттік қызметкерлердің де екі елдің азаматы екенін анықтап жатырмыз. Қос елдің азаматтығын алу белгілі себептерге байлынысты рұқсат етілмейді. Айтып отырған мәселе тікелей ұлттық қауіпсіздікке қатысты болғандықтан өте өзекті. Мұндай жағдайлардың жолын бірден кесу қажет", - деді президент.

 Мемлекет басшысы  қос азаматтығы бар лауазымды тұлғаларды бірден жұмыстан қуу керек деген пікірде. 

"Былтырғы жолдауымда мен екі азаматтығы бары анықталса, мемлекеттік қызметкерлерді, квазимемлекеттік ұйымдардың жетекшілерін лауазымдарынан айыру керектігін айтқан болатынмын", - деді Тоқаев. 

Еске салайық, бұған дейін қос азаматтығы бар шымкенттік шенеунікке қатысты сот үкімі шыққаны айтылған еді. 




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 12:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30