Ел жаңалықтары

Лифтіні қиратқан қарағандылық жазаланды

  • Лифтіні қиратқан қарағандылық жазаланды

    Лифтіні қиратқан қарағандылық жазаланды

Тұрғын үй кешенінің бірінде лифтіні қиратқан қарағандылық он тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 Ұсақ бұзақылық туралы іс Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотта оқиға Қарағандыдағы Сарыарқа көшесіндегі №6 үйдің лифтінде болғаны анықталды.

Лифт істен шығып, тоқтап қалғаннан кейін құқық бұзушы мамандарды күтпестен өзін агрессивті ұстап, лифт есігіне зиян келтірген, кейін ішінде орнатылған бейнебақылау камерасын бұзуға тырысқан. 

"Өзінің іс-әрекетімен ол айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзды. Сотта ол кінәсін мойындады. Оның әрекетін іс материалдары, бейнебақылау камерасынан бейнежазба және тағы да басқа айғақтар растайды", - деп хабарлады Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі өкілдері.
Істі қарау нәтижелері бойынша тәртіп бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.12.2021, 17:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31