Ел жаңалықтары

Лицензиясынан айырылған ЖОО студенттері енді не істейді: Министр айтып берді

  • Лицензиясынан айырылған ЖОО студенттері енді не істейді: Министр айтып берді

    Лицензиясынан айырылған ЖОО студенттері енді не істейді: Министр айтып берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов лицензиядан айырылған жоғары оқу орындарының студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің сөзінше, студенттердің гранттары сақталады және осыған дейін келісім шарт бойынша төленуі керек оқу ақысы төлене береді. 

 
"Лицензиясынан айырылған университеттерде 66 мыңнан астам адам оқыды. Бүгінде барлық студенттер басқа оқу мекемелеріне ауыстырылды. Грантта оқығандардың гранттары сақталды. Ақылы негізде оқығандардың да оқу құны сақталады. Тіпті басым бөлігінің оқу құны арзандады. Бірде-бір оқушы оқудан шеттетілгенжоқ", - деді Асхат Аймағамбетов.

Оқан қоса, Аймағамбетов тексеру кезінде білім министрлігі университеттерді жеке және мемлекеттік деп бөлмейтіндігін атап өтті. Өйткені ең маңызды міндет білім сапасын арттыру болып табылады.

"Біздің мақсатымыз ЖОО-ны жабу емес. Лицензиясынан айырылған универитеттердің қатарында мемлекеттік университеттер де бар. Біз жүйелі шаралар қолданып жатырмыз. Бұл сертификаттау мәселелері , академиялық еркіндікті кеңейту шаралары және басқалары. Оларды білім және ғылым министрлігі университеттермен бірге жүзеге асырады", - деді министр. 




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 15:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31