Ел жаңалықтары

Луговая бекетінде ер адам пойыз бен перрон арасындағы саңылауға құлап кетті

  • Луговая бекетінде ер адам пойыз бен перрон арасындағы саңылауға құлап кетті

    Луговая бекетінде ер адам пойыз бен перрон арасындағы саңылауға құлап кетті

"Көкшетау-Қызылорда" бағытындағы Луговая бекетінде ер адам пойыз бен перрон арасындағы саңылауға түсіп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кезекті патрульдеу кезінде көліктегі полиция қызметкерлері жолаушыны құтқарып қалды.  Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде ер адам өзінің абайсыздығынан "Көкшетау-Қызылорда" бағытындағы пойызға кешігіп келді. 

Пойыздың жүріп кеткенін көрген ол, есікті қаға бастаған. Полицейлердің ескерту ретінде жасаған ысқырығына мән бермеген ол, абайсызда пойыз бен перрон арасындағы саңылауға құлап кетті. 

Пойыз шұғыл түрде тоқтатылып, тәртіп сақшылары оны пойыздың астынан шығарып алды. Тексеру барысында полицейлер 31 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынын анықтады. Ол алкогольдік мас күйінде болған. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жолаушы "орташа дәрежеде" мас күйінде болған.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша “алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда көріну” бабы бойынша бірден 2 әкімшілік хаттама жасалды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабы “Теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу” бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жазалар тағайындалды.




Көрілген: 649    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.07.2021, 16:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30