ІІМ ауа райына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

30 қыркүйек 2021, 10:35

ҚР Ішкі істер министрлігі ауа райының күрт бұзылу ықтимадығына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады, - деп хабарлады КТК арнасы.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша бірқатар облыста қар жауып, көк тайғақ болады. Осыған байланысты ІІМ жолда барынша абай болуды және егер ауа райы нашарлаған жағдайда көлікпен елді мекендерден тыс жерлерге шығуға шектеу қойылуы мүмкін екендігін ескертеді.

Сонымен қатар ІІМ жол жүру жылдамдығын және автомобильдер арасындағы ара қашықтықты барынша сақтауға кеңес береді.