ІІМ-де бірқатар басшылық лауазымға үміткерлер қаралды

18 мамыр 2022, 09:50

ІІМ-де облыстық полиция басшыларының орынбасарлары және елорданың аудандық полиция басшылары лауазымдарына үміткерлер қаралды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Арнайы жиында қатысушылар жаңа қызметтен үміттілердің жетістіктеріне тоқталып, олардың біліктіліктері мен кәсіби шеберліктерін талқылады.

 

Ведомство басшысы үміткерлердің әрқайсысымен сөйлесе отырып, ІІМ-нің нақты талаптарын, қызметкерлердің негізгі міндеттерін еске салды.

 

Сондай-ақ әріптестерінің антқа адал болып, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірді.

 

Ішкі істер министрінің бұйрығымен:

 

– Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;

 

– Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;

 

– Нұр-Сұлтан қаласы ПД “Есіл” аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;

 

– Нұр-Сұлтан қаласы ПД “Байқоңыр” ауданының полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.

 

Айта кетейік, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілді.