Ел жаңалықтары

Мәдениет және спорт вице-министрі қамауға алынды

  • Мәдениет және спорт вице-министрі қамауға алынды

    Мәдениет және спорт вице-министрі қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың қамауға алынғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды sputnik.kz.

"Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу жүргізіліп жатыр. Ол заңды тұлғаның құрылтайшыларынан букмекерлік қызмет саласындағы мүддені қорғағаны және жалпы қамқорлық жасағаны үшін пара алды деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен пара алушы мен пара беруші қамауға алынды", - деді агенттіктің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров.

Бұған дейін бірқатар қазақстандық БАҚ өз дереккөзіне сілтеме жасап, Сәкен Мұсайбековтың сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді, деп түсіндірді ведомство.




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

сенбі, 27.02.2021, 11:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30