Мәдениет саласындағыларға Елбасының мемлекеттік стипендиясы беріледі

23 желтоқсан 2021, 09:55

2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы жарияланды.
 
Осы өкімге сәйкес 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін, – делінген Мемлекет басшысының өкімінде.


Әдебиет қайраткерлері
 

Айтқожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері
Алдияр  Бақытжан – 1974 жылы туған, ақын, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты
Әбдікұлы Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әшімов Әкім(Әкім Тарази) –1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Әшіров Ахмет – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Бақтыгереева Ақұштап –1944 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері 
Гарькавец Александр – 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері
Досанов Сәбит – 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс»  ордендерінің иегері
Жағанова Алтыншаш – 1943 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Жайлыбай Ғалым – 1958 жылы туған, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері
Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат»  ордендерінің иегері
Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері
Исабеков Дулат – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері 
Қосылбеков Дидар  – 1969 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

Қыдырханұлы Уахап – 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ  КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері

Медетбек Темірхан – 1945 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері 
Мырзахметұлы Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Нұрпейісов Әбдіжәміл – 1924 жылы туған, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Оразбаев Иранбек – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
Өтеулиев Бауыржан – 1969 жылы туған, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Сарыбаев Бейбіт – 1983 жылы туған, жазушы
Сегізбай Кәдірбек – 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер
Сматаев Софы – 1941 жылы туған, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақ КСР-інің халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері,  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының  Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты  
Тұрғынбекұлы Серік – 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
Шапай Тұрсынжан – 1957 жылы туған, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
 

Өнер қайраткерлері

Әбдіреев Марат – 1965 жылы туған, суретші 

Андриасян Рубен – 1938 жылы туған, театр режиссері, Қазақстанның халық әртісі

Асылханов Ермек – 1951 жылы туған, дизайнер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

Ахметова Мәрия – 1921 жылы туған, музыкатанушы 

Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әшірбекова Роза – 1938 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі

Байдүкенова Рухия – 1998 жылы туған,  әнші, «Славянский базар-2021» халықаралық конкурсының жеңімпазы

Байсейітова Раушан – 1947 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Бекназар-Ханинга Лейло – 1960 жылы туған, актриса

Бекқұлова Айжан – 1954 жылы туған, қолөнерші

Джалилов Самат – 1990 жылы туған,  кинорежиссер

Жаманбаев Базарғали – 1942 жылы туған, дирижер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Жақанов Ілия – 1936 жылы туған, композитор, ақын, өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері

Жанботаев Досжан – 1949 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Жолжақсынов Досхан – 1951 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің иегері

Ерманов Жүрсін – 1951 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Зайберт Виктор – 1947 жылы туған, археолог

Имаханов Бекен – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі

Қалықова Саида – 1985 жылы туған, пианист

Кәден Лидия – 1952 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері 

Клушкин Юрий – 1937 жылы туған, музыкант, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Қазығұлов Алпысбай – 1958 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері

Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі

Қосыбаева Тамара – 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Қосымбаев Мэлс – 1970 жылы туған, айтыскер

Максим Ержан – 2007 жылы туған, әнші, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты

Мәлібекұлы Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы

Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Наурыз Ернат – 1995 жылы туған, домбырашы, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты

Нүсіпжан Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері

Обаев Есмұқан – 1941 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Олжабай Темірлан – 1996 жылы туған, күйші, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты

Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Орымбаева Гүлсәуле – 1952 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Өтекешева Меруерт – 1951 жылы туған, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет»  және «Парасат» ордендерінің иегері

Померанцев Юрий – 1923 жылы туған, Қазақ КСР-інің   халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Разиева Гульвер – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Сұлтанов Сүндет – 1992 жылы туған, балет солисі 

Сіргебаев Ескен – 1940 жылы туған, суретші, мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі

Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Тұрдығұлов Жолаушы – 1950 жылы туған, суретші

Тұрысбек Секен – 1961 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Тыныштығұлова Сара – 1942 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері 

Тілеубаев Қуат – 1972 жылы туған, киносуретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Шәкірат Сержан – 1939 жылы туған, күйші, «Құрмет» орденінің иегері

Шынарбаев Ермек – 1953 жылы туған, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. 

BAQ.KZ