Ел жаңалықтары

Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский қайтыс болды

  • Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский қайтыс болды

    Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский қайтыс болды

Парламент Мәжілісінің депутаты, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің төрағасы Глеб Щегельский қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қайғылы жағдайға байланысты Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин марқұмның отбасына, тауыс-туғандары мен жақындарына көңіл айтты.

«Глеб Анатольевич Щегельскийдің мезгілсіз дүниеден өткені туралы қазалы хабар ауыр тиді. Ол адамгершілік және кәсіби қасиеттерімен ерекшеленетін, өте сезімтал, елгезек және аса жауапты жан еді. Қазақстанның шынайы патриоты болатын. Әлбетте, Глеб Анатольевич Қазақстан заңнама базасын жетілдіруге өте қомақты үлес қосты. Біз заң жобаларымен жұмыс істегенде де, басқа да өзекті тақырыптар жайлы сөйлескенде де өте көп мәселелерді талқылайтынбыз. Соның бәрінде ол тақырыпқа жан-тәнімен кірісіп, жұмысқа адалдығымен ерекшеленетін еді. Ол үшін елінің және қоғамның мүддесі бәрінен жоғары тұратын. Осындай қиын сәтте марқұмның жақындарына бүкіл депутаттық корпус пен өз атымнан қайғырып көңіл айтамын. Ол кісілерге қолдау көрсетіп, жылы сөзімді жеткізгім келеді. Керемет адам, сенімді әріптес, ниеттес дос, депутат Глеб Анатольевич Щегельскийдің жарқын бейнесі мәңгі жадымызда жаңғырып тұрады» деп атап өтті Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Мәжілістің V және VI шақырылымының депутаты Глеб Щегельский бүгін жүрек талмасынан қайтыс болды.




Көрілген: 408    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 23:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31