Мәжіліс төрағасы орыс тілін Конституциядан алып тастауға қатысты пікір білдірді

02 наурыз 2022, 08:08

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов көпұлтты Қазақстанға орыс тілі қажет екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Халық Конституциядан орыс тілінің мәртебесін алып тастау туралы петицияға қол қойып жатыр. Осы мәселе туралы не ойлайсыз?" деп сұрады журналистер мәжіліс кулуарында төменгі палата спикерінен.

"Халық емес, бір топ бастамашы топ шығар. Халық деп айтуға келмес. Мен сұрақты басқаша қояр едім. Бізге қазақ тілін одан әрі дамыту маңызды ма әлде орыс тілінің ұлтаралық тіл деген мәртебесін алып тастаған маңызды ма? Әрине, дамыту мәселесі маңызды. Менің ойымша, біз соған басымдық беруіміз қажет"

Ол қазақ тілін дамыту үшін, ең әуелі қазақтар бір-бірімен қазақша сөйлесіп, басқа ұлт өкілдерін де қазақ тілінде сөйлеуге тартуы қажет деп отыр.

"Біз көпұлтты мемлекетпіз. Олардың сөйлесуі үшін, әрине, орыс тілі қажет. Менің ойымша, бүгінгі таңда оны Конституциядан алып тастау қажеттілігі жоқ", - деп жауап берді мәжіліс спикері.