Ел жаңалықтары

Мәжілісмендер Үкімет пен Ұлттық банк жұмысын сынады

  • Мәжілісмендер Үкімет пен Ұлттық банк жұмысын сынады

    Мәжілісмендер Үкімет пен Ұлттық банк жұмысын сынады

 761 мың азаматтың арманына қолбайлау болған ереже. Мәжілісмендер бүгін Үкімет пен Ұлттық банкті осылай сынға алды. Президент қол қойған заң күшіне енсе де, зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсауға мүмкіндік беретін құжат әлі кабинеттен кабинетке көшіп жүр екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

"Құжат әлдеқашан күшіне енген. Дегенмен Үкімет тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында бір рет берілетін зейнетақы төлемін қолдану ережесін осыған дейін қабылдамады. 761 мың азамат ережені тағатсыздана күтіп отыр. Олардың көбі тұрғын үйді таңдаған. Бірақ аталған ереже түрлі келісім мен мақұлдауды күтіп, түрлі кеңселерді шарлап жүр", - деді Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов.

 Министрлер кабинетінің жайбасарлығына қапаланған депутат Үкіметке қарапайым тұрғындардан көптеген ескертпе түсіп үлгерді дейді. Бір ғана «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталына 900 отандасымыз пікір қалдырыпты. Әсіресе азаматтардың көбі бес жыл бойы тұрғын үй сатуға қойылатын шектеуге қарсылық танытқан көрінеді. Депутаттың пікірінше, бұл жерде олардың қалыпты өмірдегі басқа аймаққа, қалаға көшуі немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселесі ескерілмеген.

 «Сол себепті азаматтардың заңды құқығын сақтау қажет» - дейді халық қалаулысы.

 Десе де жауапты министрліктегілер үйді сатуға қойылатын шектеу нарықтық бағаны өсірмей ұстап отыруға қажет екенін айтады. Ал ережеге қатысты әлі келісім жүріп жатыр деген ведомство өкілдері ақпан айынан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін белгіленген мақсатқа қолдануға мүмкіндік туады деп сендірді.

"Бүгінде министрлік әзірлеген зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қолдану ережелерінің жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісімге рәсімдеу үстінде. Жоба осы келісім аяқталғаннан кейін қаңтар айының соңына дейін ережелер қабылданады", - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің баспасөз хатшысы Данияр Айдарханов.




Көрілген: 363    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 23:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31