Ел жаңалықтары

Мақтаарал ауданында 115 үйдің құрылысы толық аяқталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Су тасқыны болған Мақтаарал ауданында төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары тынымсыз жүргізіліп, жаңадан салынып жатқан ықшамаудандағы 115 үйдің құрылысы толық аяқталды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық лездемеде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жиында баяндама жасаған облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпалиев Мақтаарал ауданында 386 үйдің қабырғасы қаланғанын атап өтті. Сондай-ақ, баспаналардың басым бөлігінің шатыры жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Жалпы Түркістан облысы бойынша құрылыс нысандарын салуға 9 мыңнан астам, ал Түркістан қаласында 4 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Барлық нысандарда елдегі карантин талаптары қатаң сақталуда. Жұмысшылар тиісті сақтық шараларын қатаң ұстанып жұмыс істеуде. Түркістан қаласында құрылысы тоқтаған нысандар жоқ»,- деді Тоқтар Үсіпалиев.

 

 

 

Басқарма басшысы сондай-ақ, Мақтаарал аудандағы құрылыс алаңында 29 мердігер мекеме мен 1400 жұмысшы, 87 арнайы техника құрылыс-монтаж жұмыстарына тартылғанын айтып өтті. Мырзакенттегі жаңа тұрғын ауданда 1200 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша және дәрігерлік амбулатория мен полициялық участок құрылысы жүргізіліп жатқанын баяндады. Мұнымен қатар, Фердауси ауылынан дәрігерлік амбулатория мен полиция бекеті, Өргебас ауылынан фельдшерлік-акушерлік пункт пен полициялық бекет салынып жатқанына тоқталды.

 

 

 




Көрілген: 264    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 21:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30