Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 386 үй ел игілігіне берілді

19 қазан 2020, 18:49

Техногенді сипаттағы төтенше жағдай орын алған Мақтаарал ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлауда. Апат аумағында қираған үйлер қалпына келтіріліп, Мырзакентте жаңа шағынаудан бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 386 отбасын қуанышқа бөлеген қоныс той салтанатты түрде атап өтілді. Қоныс иелерінің қуанышымен бөлісу үшін Мақтаарал ауданына арнайы келген Премьер-Министрдің орынбасары Р.Скляр, Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Ш.Хамраев, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев тұрғындарды құттықтап, баспана кілттерін табыстады. Алғаш боп сөз алған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Төтенше жағдай жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы Роман Скляр мақтааралдықтарды құттықтап, игі тілегін жеткізді.