Ел жаңалықтары

Маман коронавирустың екі айдан кейінгі салдары қандай болатынын айтты

  • Маман коронавирустың екі айдан кейінгі салдары қандай болатынын айтты

    Маман коронавирустың екі айдан кейінгі салдары қандай болатынын айтты

Коронавирустық инфекция кезінде адамның ағзасы қатты күйзеліске түседі. Ал оның салдары кейіннен шығуы мүмкін
Коронавируспен ауырып шыққан пациенттердің шашы түсе бастайды. Бірақ ол бірден емес, бірнеше аптадан кейін байқалады. Бұл туралы дерматовенеролог, трихолог Елена Бабаева айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі кезде постковидтік шаштың түсуі жиі кездеседі. Оның белгілері ауруды жұқтырғаннан кейін бір жарым-екі айдан кейін көрінуі мүмкін. Бұл жай реакция ғана, артынан бәрі қалпына келеді", &ndash деді Бабаева E1.ru порталына берген сұхбатында.
Диффузиялы алопеция &ndash шаш түйіншелерінің күйзелістен кейінгі қалыпты реакциясы. Ал адамның ағзасы коронавирустық инфекция кезінде қатты күйзеліске түсетіні белгілі. Осы кезде шаш түйіншелерінің басым бөлігі тыныштық режиміне түседі. Індет ауыр болған сайын "ұйқыға бататын" шаш түйіншелерінің саны артады. COVID-19 кезінде аурудың жеңіл түрі болса да, түйіншелердің біразы "ұйықтап" қалады. Уақыт өте келе, пациент шаштың түскенін байқайды.

Дәрігерлердің айтуынша, коронавирустан кейін шаштың түсуі &ndash бұл постковидтік синдром. Ал оның анық белгілері 2-3 айдан кейін ғана көрінеді.

Коронавирустың күтпеген белгілері
Медицина мамандары бұған дейін COVID-19-дың әдеттен тыс белгілерін атаған болатын. Соның ішінде жүрек қағысының жиілеп кетуі &ndash минутына 100-ден артық соғуы бар. Бұдан бөлек, ықылық ұстап қалады да, екі күндей кетпейді.

Сонымен қатар, COVID-19 пациенттері үрейге жиі салынатынын айтты. Денеге бөртпе шығады, адамды ұйқы мен жалқаулық басады.

Мамандар коронавирустың "британдық" штаммына тән симптомдарды да жариялаған. Әсіресе, бабаларда ондай белгілер анық байқалады. Олардың жартысынан көбі шаршап жүреді, тұйық бола бастайды. Ал сәбилер жылап, ұзақ уақыт тынышталмайды. Сосын коронавирусқа шылдыққан балалардың 53 проценті бас пен іш ауруына шағымданған.

Шәй коронавирусқа қарсы қалай көмектеседі?
Шай жапырақтарында "катехин" антиоксиданттары бар. Ал жапырақтарды өңдегенде басқа да биологиялық қоспалар бөлініп шығады. Киотодағы медициналық университеттің ғалымдары дәл осы заттар SARS-CoV-2 вирусын жоя алады деген жорамал жасап отыр.

Ғалымдар өз болжамын дәлелдеу үшін алдымен шайдың түрлі сұрыптарын алып, түтіктегі вирусқа құйып көрген. Сонда қара шаймен араласқан вирустың көлемі бір минуттың ішінде анықталмайтын деңгейге дейін түсіп кетті. Осы уақыттың ішінде маття, ходзича мен улун сияқты көк шай да вирустың мөлшерін азайтқан. Алайда қара шаймен салыстырғанда әсері төмендеу болды.

Сондай-ақ, ғалымдар шай арқылы өткен вирусты басқа түтікке салып, оның басқа жасушаларға қалай жұғатынын тексеріп шықты. Сонда вирус мүлдем көрінбеген әрі оның мөлшері тым аз болған.

Алайда зерттеудің авторлары шәймен коронавирусты емдеуге болмайтынын ерекше атап өтті. Себебі қара шайдың құрамындағы биологиялық белсенді заттар қанға дұрыс сіңбейді. Ал оның мөлшері аз болғаннан кейін бүкіл денеге тараған вирустың белсенділігін төмендету қиын.
 




Көрілген: 606    Пікірлер: 0

жұма, 22.01.2021, 11:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28