Ел жаңалықтары

Мамайдың жақтастары журналиске шабуыл жасады

  • Мамайдың жақтастары журналиске шабуыл жасады

    Мамайдың жақтастары журналиске шабуыл жасады

Жанболат Мамайдың жақтастары шығарған жанжал белсенді тұлға өткізген баспасөз конференциясында болды. Баспасөз жиынына келген журналистің қай ақпараттық агенттіктен екенін білген бойда, Жанболат Мамай мен оның жақтастары агрессия танытып, Azattyq Rýhy ақпараттық агенттігінің тілшісіне жұдырық ала жүгірді.

Жанболат Мамай осыдан бір күн бұрын әлеуметтік желілерде сот процесі аяқталғаннан кейін баспасөз мәслихаты өтетінін жариялап, оған барлық мүдделі журналистерді шақырды. Алайда Ж.Мамай белгілеген орынға келген кезде қоғам белсендісінің әйелі Инга Иманбай БАҚ өкілдеріне  конференцияның онлайн режимде өтетіндігін мәлімдеді. Azattyq Rýhy тілшісі Әмірболат Құсайынұлы Жанболат Мамайдан баспасөз жиынының неге аяқ асты онлайнға көшкенін сұраған. Бұл сұраққа белсенді таңданысын білдіріп, әйелі Ингамен сөйлесіп, журналистерді кабинетке шақырып, барлық сұрақтарға жауап беретінін айтты. Алайда кабинетте өзін таныстырған журналистің қай агенттіктен екенін естіген бойда түсіру тобын қоғам белсендісі мен оның жақтастары қуып шығуға тырысты. Журналисті жұлқылауға Мамайдың жақтасы Абзал Достияров та қосылды. Ол журналистке шабуылдап, балағат сөздер айтып, оны ашық түрде көшеде төбелесуге шақырды.

Еске салайық, бүгін Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық соты Бауыржан Байбектің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваға қарсы арызын толығымен қанағаттандырды. Сот айыпталушылар таратқан деректерді шындыққа сәйкес келмейді деп тапты. Қоғам белсендісі таратқан жарияланымдарды теріске шығарып, оны толығымен өшіру керек деп тапты.




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 15:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31