Ел жаңалықтары

Маңғыстау колониясында жазасын өтеушілер ауыздарын тігіп тастады

  • Маңғыстау колониясында жазасын өтеушілер ауыздарын тігіп тастады

    Маңғыстау колониясында жазасын өтеушілер ауыздарын тігіп тастады

Маңғыстау облысында аса ауыр қылмыс істеген жазасын өтеуші наразылық білдіру үшін өз ауызын тігіп тастаған. Үш адамнан өз дене мүшесін зақымдаушылық дерегі анықталған, - деп хабарлайды "Лада".


25 жастағы сотталушы Ақтау қаласында 2013 жылдан бері қауіпсіздік деңгейі ең жоғарғы мекемеде жазасын өтеп жатыр. Ер адам тамақ ішуден бас тартып, өз ауызын тігіп тастаған. Ол өңір прокурорымен кездесуді сұрап отыр. "Бұл әрекетіммен мен өзімнің денсаулығыма қиянат жасап отырмын. Мұндай қадамға баруыма мекеменің әкімшілігінің әрекеті түрткі болды. Олар менің конституциялық құқығымды бұзады. Прокурордың біздің колонияға келуін, мені және де басқаларын қабылдауды сұраймын", - делінген хабарламада. Кейінірек Маңғыстау облысының прокуратурасының өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Үш адамның өз денсаулығына киянат келтіргені белгілі болды. "Оқиға орнына облыстық прокуратура қызметкерлері мен облыстық полиция департаменті жедел тергеу тобы аттанды. Осы дерекке қатысты "Азаптаулар" бабы бойынша мекеме қызметкерлеріне қатысты біріңғай тізілімге тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізу Антикоррупциялық қызметке тапсырылды", - делінген құзырлы орган хабарламасында. Тергеу шарасы облыстық прокурор бақылауына алынды. Сотталушылар тігістерін алып, тамақ іщуге кіріскен.  




Көрілген: 387    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 16:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан, 10:32
    "Хан Шатыр" жанып кетті
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31