Ел жаңалықтары

Маңғыстау облысына жасанды жаңбыр жаудыратын құрылғылар орнатылды

  • Маңғыстау облысына жасанды жаңбыр жаудыратын құрылғылар орнатылды

    Маңғыстау облысына жасанды жаңбыр жаудыратын құрылғылар орнатылды

Теңіздің жағасында отырған Маңғыстауда ылғал жоқ. Енді осы мәселе шешілуге тиіс. Облыстың 4 ауданы: Құрық, Шетпе, Жетібай және Саинда жаңбыр жаудыратын құрылғылар сынақ режимінде іске қосылды.

Мұндай жоба елімізде алғаш рет қолға алынды. «Жаңа технология атмосфералық ылғал көлемін 30 процентке дейін көтере алады.

Мамандардың айтуынша, қоршаған ортаға зияны жоқ құрал шөлейтті аймақты көгалдандыруға сеп болады. Қондырғы қашықтан басқарылады. Таяу күндері Бейнеу ауданына да орнатылады.

Айта кетейік, дәл осындай құрылғылар Ресей, Оңтүстік Корея мен біріккен Араб әмірліктерінде оң нәтиже көрсеткен. Жобаның құны 5 миллион евро. Қаржы салушы - жеке инвесторлар.

Сергей Бологуров, климатолог: - Іске қосылған сәттен бастап бұл қондырғылардың ауаға әсерін бақылаймыз. Сосын нәтижесін соңғы 10 жылда облысқа жауған жаңбыр мөлшерімен салыстыруымыз керек. Адамға және табиғатқа кері әсері жоқ. Электр қуатын да аз тұтынады. Құрылғы қызметі жыл мезгілдеріне бейімделген. Қыста сіркіреп ылғал түссе, жаз айлары жауын-шашын мол түсуі мүмкін.




Көрілген: 353    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.10.2021, 09:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:44
    QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31