Маңғыстау облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған кортеж жүргізушілері ұсталды

26 шілде 2021, 09:38

Маңғыстау облысының Басқұдық ауылының орталық көшесінде автокөліктер кортежі жолда жүру ережелерін бұзды. Шеруге қатысушылар полиция бөлімшелеріне жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Шеруге қатысқан сегіз жүргізуші Мұнайлы ауданының полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ереже бұзушылардың автокөліктері айыппұл тұрағына қойылып, полиция қазіргі кезде кортеждің басқа қатысушыларын анықтау бойы нша жұмыс жүргізуде.