Маңғыстау облысында тағы итбалық қырылып қалды

16 мамыр 2022, 11:00

Толық тексеру барысында 64 өлген итбалық пен 5 бекіре тұқымдас балық табылды.

Тексеру барысында 64 өлі итбалық пен бес бекіре тұқымдас балық табылды, деп хабарлайды Skifneews.kz Маңғыстау облысы балық инспекциясы басқармасына сілтеме жасап.

Lada.kz сайтының жазуынша, Форт-Шевченко теңіз порты аймағында Урдюк мүйісінен Баутинская мүйісіне дейінгі жағалаудан өлі итбалықтар табылды. Осы дерек бойынша экологтар және жергілікті атқарушы органның бірлескен жұмыс тобы құрылып, аумақты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Толық тексеру барысында 64 өлген итбалық пен 5 бекіре тұқымдас балық табылды.

«Бұл бір күн бұрынғы оңтүстік-батыстан соққан екпінді желдің салдарынан болып отыр. Зертханалық зерттеу үшін өлген жануарлардан сынамалар алынып, тоңазытқышқа қойылды. Сондай-ақ су мен ауа сынамалары алынды», деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы.

Осыған дейін Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінен 94 өлі итбалық табылғаны хабарланған болатын.