Маңғыстауда аммиак селитрасын өндіруші кәсіпорынға қатысты тергеу басталды

07 наурыз 2022, 14:35

Тергеу өндірілетін тауарға монополиялық жоғары бағаны белгілеу бойынша жүргізіліп жатыр

Аммиак селитрасын өндіретін "ҚазАзот" АҚ-ға қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының монополияға қарсы департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Монополияға қарсы органдар өндірілген тауарлар бағасының өсуі салдарынан ауылшаруашылық тауар өндірушілері тыңайтқыш сатып алудан бас тартуға мәжбүр болғанын анықтады.

"Тергеу монополиялық жағдайды теріс пайдалану дерегі бойынша (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы), оның ішінде, өндірілетін тауарға монополиялық жоғары бағаны белгілеу бойынша жүргізіліп жатыр. Тергеу нысаны ірі кәсіпкерлік санатына жатады. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылғаны расталған жағдайда монополиялық табыс табыстан бес пайыз мөлшерінде айыппұл салумен тәркіленеді", - делінген ведомство хабарламасында