Маңғыстауда мұғалімнің орны 750 мың теңгеге саудаланған

19 қаңтар 2022, 23:02

Маңғыстау облысында жұмыс орнын саудаға салған келіншек үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Әйел танысына мұғалім қызметін сатпақ болған. Ол кез келген аймақты таңдап, сол жерге жұмысқа кіргізетінін айтыпты.

Ол қызмет үшін 750 мың теңге (шамамен 1700 доллар) сұраған.

Жас маман ақшаны бергенімен, қалаған орынға ие болмай, полицияға арыз жазған. "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотталушы бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты.

"Сотталушы өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді және жәбірленушіден кешірім сұрады. Сондай-ақ ол соттан өзіне қатаң жаза қолданбауды сұрады. Сот үкімімен әйел кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Мұнайлы аудандық сотының судьясы Берік Өтеев.