Ел жаңалықтары

Маңғыстауда мұнайшылар бас көтерді: Олар еңбек жалақысын көтеруді талап етеді

  • Маңғыстауда мұнайшылар бас көтерді: Олар еңбек жалақысын көтеруді талап етеді

    Маңғыстауда мұнайшылар бас көтерді: Олар еңбек жалақысын көтеруді талап етеді

Маңғыстау облысында еңбек дауы күннен күнге ушығып барады. Мұнай саласында қызмет ететін компания қызметкерлері бірінен соң бірі жалақыны көтеруді талап етіп, билікке үндеу жариялап жатыр. Бұған дейін наразылыққа шыққан "Кезби" компаниясының 500 жұмысшысынан кейін "Бозащы оперейтингтің" мұнайшылары бас көтерді. Олар еңбекақыны көтеріп, сыйақы төлеуді сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.

Мұнайшылардың сөзінше, осыдан 6 жыл бұрын мұнай бағасының төмендеуіне байланысты компания сыйақы беруді тоқтатқан. Оның үстіне, былтыр компания басшылары қызметкерлермен келіспей жалақыны да қысқартты дейді. Бұдан бөлек "Бозащы оперейтинг" директорлары жер қойнауын пайдалану үшін келісімшартты 2046-жылға дейін ұзартпақ болғанын айтады. Егер ол рас болса, компанияның жұмысы тұрақты деп топшылайды жұмысшылар.

 
Ал компания басшылығы кәсіподақ төрағасына 18 қазанда келіссөзді бастау туралы хабарлама бергенін айтады. Сонымен қоса келісілген шешімді жаңа ұжымдық келісімшартқа бекіту туралы ұсыныс жасаған. Және басшылық жалақыны көтеру қажет деген талаппен келіспейді. Өйткені "Бозащы оперейтинг" мұнайшыларының орташа жалақысы 500 мың теңге, ал сыйақыға еңбекақының 20 пайызы төленеді дейді. 

"2020 жылғы 1 қаңтар айынан бастап кәсіподақпен жасасқан келісімге сәйкес барлық жұмыскерлерінің жалақысы елеулі түрде көбейтілді. 2020 жылғы мамыр мен желтоқсан аралығы мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты өндірістік сыйлықақы 50%-ға төмендетілді", - дейді "Buzachi Operating Ltd" компаниясының заң бөлімінің басшысы Әлібек Телеуов.




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

сенбі, 16.10.2021, 13:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30