Ел жаңалықтары

Маңғыстауда соңғы 30 жылда алғаш рет төртем дүниеге келді

  • Маңғыстауда соңғы 30 жылда алғаш рет төртем дүниеге келді

    Маңғыстауда соңғы 30 жылда алғаш рет төртем дүниеге келді

Бүгін Ақтаудағы Ана мен бала орталығының ұжымы төртем мен оның анасын салтанатты түрде үйлеріне шығарып салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығына сілтеп.

Ақтау қаласының тұрғыны Самира Гасанова 2020 жылдың 15-ші желтоқсан күні босанған болатын. Жүктілік кезеңі ауыр болғандықтан дәрігерлер әйелді жүктіліктің 30-шы аптасында операция жасап, босандырып алған. 1 ұл мен 3 қыз дүниеге келді. 25 жастағы келіншек осылайша бірден көпбалалы ана атанды. Сәбилер отбасының тұңғыштары. 

 
"Қуанышымды жасыра алмай тұрмын. Ата-анамыздың төбесі көкке жеткендей болды. Балаларымның аман-есен жарық дүниеге келуіне себепші болған дәрігерлерге отбасымның атынан алғысымды білдіремін", - деді Самира Гасанова.  

Төртемдердің бірі 1 келі 390 гр болса, ең кішісінің салмағы 1 келі 190гр салмақта туылды. Шақалақтар күш жинағанша 36 күн бойы перинаталдық орталық дәрігерлерінің жіті бақылауында болды. Анасының да, балаларының да денсаулығы жақсы, дейді дәрігерлер. Ата-анасы нәрестелерге Расул, Фанара, Айла мен Нарин есімдерін берген.

"Былтыр біздің орталықта 8610 бала жарық дүние есігін ашты. Оның ішінде  2 үшем мен 147 егіз бала дүниеге келген", - деді Маңғыстау облыстық Ана перинаталдық орталығының дәрігер неанотологы Тойдық Жұмағамбетова. 

Маңғыстау облысы бала туу көрсеткішінен республика бойынша соңғы 3 жыл бойы көш басында келеді. Былтыр аймақта 21753 сәби дүниеге келген. 




Көрілген: 255    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 17:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31