Ел жаңалықтары

Маңғыстауда үшем дүниеге келді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Маңғыстау облысында биылғы жылғы алғашқы үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаевқа сілтеме жасап.


Жаңаөзен қаласының 35 жастағы тұрғыны Кәмшат Төребекова енді 6 баланың анасы атанды. Бұған дейін 2 ұл және 1 қызы болған.


Бақытты ана салмағы 1 090 грамм бір ұлды және 1 990 грамм және 2 500 граммдық екі қызды дүниеге әкелді


Дәрігерлердің айтуынша, жүктіліктің жеті айлығында әйелдің денсаулығына байланысты кесарь тілігін жасауға тура келген. Операция сәтті өткен.


Қазіргі уақытта балалар дәрігерлердің бақылауында. Анасы мен балалардың жағдайы тұрақты.


Ананың айтуынша, ол үшемнің анасы болатынын жүктіліктің бірінші аптасында-ақ білген. Аяғы ауыр кезде оған барлық отбасы мүшелері қолдау көрсеткен.


Отағасы жүргізуші болып жұмыс істейді. Ал, әйел үй шаруасында.


«Қазіргі уақытта сәбилер дәрігерлердің жіті бақылауында. Әзірге балалардың салмағы жетіңкіремейді, бірақ дәрігерлер жұмыла жұмыс істеп жатыр. Олардың әрқайсысы салмақ қосып, таяу уақытта перзентханадан шығады», - деп жазды Азамат Сәрсенбаев.




 




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.05.2019, 11:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30