Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Маңғыстауға ала жаздай шөп тасыған Құрмет Талапқазы тегін оқуға түсті

15 желтоқсан 2021, 13:23

Ала жаздай Маңғыстауға шөп тасыған қандасымыз Құрмет Талапқазы университетте тегін оқитын болды. Қуаңшылыққа ұшырап, малы аштан қырылған аймаққа вагон-вагон шөп шауып, оны тасумен айналысқан Құрмет елге қайырымдылығымен, жігерлігімен танылған еді. Енді ол Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқитын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

 
«Қазақстандағы барлық университеттердің ректорларына!

Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мырза Құрметке «Жыл үздігі-2021» сыйлығын тапсырды. Желіде жазылған пікірлерден Құрметтің де өз проблемасы жетерлік екенін біліп, телефонмен хабарласып, өзімен сөйлестім. Ұяң жігіт екен, проблемасын айтқысы келмеп еді, мен тықақтап қоймадым. Қытайдың Алтай өлкесінде туып-өскен Құрмет 2016 жылы елге оралып, Шымкент қаласындағы оқу орындарының біріне түскен екен. Артынан «Силквей» (қазіргі «Орда») университетіне ауысып, оқып жүргенде аяғын қатты жарақаттап алып, оқуын жалғастыра алмай қалыпты. Сөйтіп жүргенде «Орда» университеті лиценцзиясынан айырылып, жабылып қалды. Өздеріңіз білесіздер, патриот адамдар жеке бастарын ойлай бермейді. Eлдің аштан қырылған малына шөп жинап жүріп, Құрмет құжатын өзге университетке тапсырып үлгермей қалады. Патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен Құрмет секілді азаматты еліміздегі кез-келген университет құшақ жая қарсы алады деп ойлаймын»,  - деп Өмір Шыныбекұлы үндеу тастаған еді.
Аталған жағдайдан соң Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағанбетов қайырымды жігітке қол ұшын беріп, мәселенің оң шешім табуына көмектесті.

«Білім және ғылым министрінің жоғары оқу орындары ректорларымен өткізген жиналысында Шымкент қаласы  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылығына қала тұрғыны Құрмет Талапқазыға тегін оқу құқығын беру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. Бүгін Құрмет Талапқазы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқи алады деген шешім қабылданды», - деді ҚР БҒМ баспасөз ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.