Ел жаңалықтары

Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді

  • Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді

    Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді

Автобуста маска тағудан бас тартқан бойжеткенге 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ іс ұсақ бұзақылық бойынша шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі

Алматыда қоғамдық көлікте карантин шараларын бұзған және автобуста бақылаушының телефонын қағып жіберген бойжеткен жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

Полиция әлеуметтік желіні бақылау кезінде қоғамдық көлікте карантин шараларын бұзу фактісін анықтаған. Одан кейін жергілікті полиция қызметі тергеу жүргізіп, заңға сәйкес шара қолдану үшін 1998 жылы туған Е. есімді бойжеткенді іздеп тапты.   

Ол қаланың Алатау ауданында тұратыны белгілі болды.

"Бірден екі әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы ("халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзуы") бойынша 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Сонымен қатар іс әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("ұсақ бұзақылық") бойынша шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберіледі.  

Айта кетейік, Алматы автобустарының бірінде жолаушының бетперде тақпай, автобус жүргізушісімен сөзге келіп, бақылаушының телефонын сындырғаны түсірілген видео таралған болатын.




Көрілген: 329    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 12:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30