Ел жаңалықтары

Мәскеуде қазақстандық блогерлер 3,5 жылға сотталды

  • Мәскеуде қазақстандық блогерлер 3,5 жылға сотталды

    Мәскеуде қазақстандық блогерлер 3,5 жылға сотталды

Мәскеуде такси ұрлап әзілдемек болған қазақстандық блогерлер бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Мәскеу прокуратурасы хабарлады.

«Мәскеу қаласының Пресненск аудандық соты көршілес елдердің бірінің үш азаматы: 24 жастағы Рамир Хасановқа, 29 жастағы Айдын Түсіповке және 31 жастағы Ерсін Дүмшебайға қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімін шығарды. ( ...)

Сот үкімімен Хасанов, Түсіпов және Дүмшебай әрқайсысы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталғандар сот залында қамауға алынды. Олар жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді», - делінген хабарламада.
2021 жылдың наурыз айында жастар «Мәскеу сити» сауда орталығына премиум такси шақырған. Құны 3,5 миллион рубльден асатын көлік тапсырысқа келді. Жүргізуші олардың өтініші бойынша сөмкелерді жүксалғышқа салып жатқанда, айыпталушылардың бірі жолаушы орындығына отырса, екіншісі көлік тізгініне отырып, кетіп қалған. Үшіншісі кетіп бара жатқан шетелдік көлікті және көлік иесінің реакциясын түсіріп алған. Бірнеше минуттан кейін күдіктілер қайтып келіп, жүргізушіге осылайша әзілдеп жатқандарын түсіндірді. Сол күні қазақстандықтарды тәртіп сақшылары ұстап, қылмыстық іс қозғады.

«Россия 24» телеарнасының хабарлауынша, блогерлер жеті айға жуық үй қамауында болған. Сот оларға интернетке кіруге және бөгде адамдармен, соның ішінде журналистермен сөйлесуге тыйым салды.




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 13:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31