Ел жаңалықтары

Мәсімов Қазандағы трагедиядан кейін Терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

  • Мәсімов Қазандағы трагедиядан кейін Терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

    Мәсімов Қазандағы трагедиядан кейін Терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

Білім беру жүйесі объектілерін бақылау мен дабыл белгісін техникалық құралдармен нығайту бойынша шешімдер әзірленді
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталықтың кезектен тыс отырысын өткізді.

"Іс-шара барысында Ресей Федерациясының Қазан қаласындағы №175 мектеп-гимназиясында жақында болған қайғылы оқиғаның мән-жайы қаралды", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Отырыс барысында білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі және оқушылардың радикалдануына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Білім беру жүйесі объектілерін бақылау мен дабыл белгісін техникалық құралдармен нығайту бойынша шешімдер әзірленді.

Қазан мектебіндегі атыс: күдікті туралы тың дерек шықты

Жастар ортасында зорлық-зомбылық акцияларын насихаттау және оны дайындау белгілерін анықтау үшін әлеуметтік желілер мен Интернетті мониторингтеу тиімділігін арттыру жолдары айқындалды.

Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ оларға уақтылы психологиялық көмек көрсету шаралары жетілдірілді.

Қазан мектебіндегі трагедия
11 мамырда таңертең Қазандағы №175 гимназияда 19 жасар Ильназ Галявиев оқ жаудырды. Мектепте 700 адам болған. Жеті бала мен екі мұғалім көз жұмды. Тағы 20 адам ауруханаға жатқызылды.
 
 




Көрілген: 577    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.05.2021, 23:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30