Мәсімовтің мүлкі тәркіленді

10 наурыз 2022, 17:23

Құны 2,5 млрд теңге тұратын жекежай. Бизнес санатындағы 11 қымбат көлік. 17 миллионнан астам қолма қол. Бұл Кәрім Мәсімовке тиесілі тәркіленген мүліктің бір парасы ғана, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен ұсталған бұрынғы басшысына қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

 

Тергеу кезінде Мәсімовтің пара алғаны жөніндегі бірқатар дерек анықталды. Оның ішінде, жылжымайтын мүлікті заңсыз иемдену, отандық кәсіпкерлер мен шетелдік субъектілерден мәдени мұра саналатын бағалы сыйлықтар мен қомақты қаржыны алу фактілері бар.

 

Атап айтқанда, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған кезінде жабық келісімдердің бірі бойынша шет елден оған 2 млн доллар көлемінде пара берілгені мәлім болды. Бұл қаржы Гонконгтен Қазақстанның Ұлттық банкіне қайтарылды.

 

Қазір Мәсімовтың жақындары шетелге шығарған қаржыны толық қайтару мәселесі қаралып жатыр.

 

Сонымен қатар Елордадағы екі қымбат пәтер, Алматыдағы жекежай мен Щучинск-Бурабай курорттық аймақтағы жер теліміне тыйым салынған.

 

 Мәсімовтың жақындарынан 5 млн доллардан астам қаржы тәркіленген.

 

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/EjeW54Q2p24" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>