Матрица: Екі мегаполис пен 3 облыс әлі «қызыл» аймақтан шыға алмай отыр

30 қыркүйек 2021, 09:36

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.