Маусымда ауа райы қандай болады?

31 мамыр 2022, 18:00

Қазгидромет синоптиктері 2022 жылғы маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандар маусымның басында Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жазғы ауа райы сақталатынын айтты, күндіз ауа температурасы +25+33 градусқа дейін болады. Маңғыстау облысының оңтүстігінде одан да ыстық болуы мүмкін - +38 градус.

"Еліміздің батысын қоспағанда, басқа облыстарда атмосфералық фронттар өтуіне байланысты аздаған жаңбыр жауып, кейбір жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауып, қатты жел тұруы мүмкін. Температура салыстырмалы түрде төмен болады, күндіз +15+23 гардус, елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында +20+28 градус", - делінген хабарламада.
Маусымның бірінші онкүндігінің ортасына қарай ауа массалары бүкіл ел аумағындағы ауа температурасы ыстық болуына әсер етеді, термометр бағандары +28+36 градусқа дейін көрсетуі мүмкін. Қазақстанның оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде кейбір күндері +40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Екінші және үшінші онкүндік

Бірінші онкүндіктің аяғында, екінші онкүндіктің басында синоптиктер ыстық басылатынын айтады. Екінші онкүндіктің басында республиканың батысында, одан кейін елдің қалған аумағында осындай ауа температурасы болады.

"Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде қатты жел, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл тұрақты әрі ыстық ауа температурасына ауысады. Сонымен қатар, ауа температурасы ауытқиды: Қазақстанның солтүстік жартысында күндіз +28+36 градустан +18+25 градусқа дейін; елдің оңтүстік жартысында күндіз +33+42 градустан +25+30 градусқа дейін болады", - деді Қазгидромет қызметкері.