Ел жаңалықтары

«Мәйітті балконда сақтаған»: Рудныйда екі әйелді бауыздап өлтірген азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды

  • «Мәйітті балконда сақтаған»: Рудныйда екі әйелді бауыздап өлтірген азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды

    «Мәйітті балконда сақтаған»: Рудныйда екі әйелді бауыздап өлтірген азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Ол жазасын қауіпсіздігі аса жоғары колонияда өтейді. 

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі әйелді өлтірген рудныйлыққа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Наша Газета" порталына сілтеме жасап.

Сот күдіктіні кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі аса жоғары колонияда өтейді.

"Сотталушы үйленген. Оның кішкентай баласы бар. Соған қарамастан ол Рудныйда жас қызбен көздесіп жүрген. Ол қызбен байланысын жасыру үшін оны жалдамалы пәтерінде өлтірген. Ол қыздың мойнына пышақ сұғып алған. Қыз өлер алдында әжесіне өзінің мекенжайын SMS-пен жіберіп үлгерген. Оны білген күдікті қыздың әжесінің пәтеріне барған. Ер адам оны да мойнына пышақ сұғып өлтірген. Кейін денелерді бөлшектеп, сөмкеге салған. Оны пәтеріндегі балконда сақтаған. Кейін оны Тобыл өзеніне ағызып жібермек болған", - дейді судья Жанар Тілеубаева.

Судьяның айтуынша, ер адам бұл қылмысқа мұқият дайындалған.

Күдікті бұрын қасақана кісі өлтіргені үшін сотталғандықтан оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сот отырысы барысында ер адам өз кінәсін мойындаған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, жантүршілерлік қылмыс былтыр ақпанда болған.




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.10.2020, 17:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 20:40
    Егін – 2020

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31