Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мектеп кезінен жауласқан: Алматы облысында болған адам өлімінің себебі анықталды

08 тамыз 2022, 22:25

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында болған кісі өліміне қатысты деректер жарияланды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жанжал қайғылы оқиғадан бұрын басталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

желіде таралған видеодан кадр

“Жаншалға қатысушылардың мектеп кезінен араздық танытып, бір-бірін жек көретіндігі анықталды. Соңғы жанжал кезінде күдікті қару қолданған. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды”, – деді Алматы облысы ДП баспасөз қызметінде.

ҚР Ішкі істер министрлігі Ұзынағаштағы жас жігіттің өліміне қатысты тергеу жұмыстары ерекше бақылауға алынғанын хабарлады. Қазір облыс полицейлері күдіктілерді іздестіру мақсатында арнайы іс-шаралар жүргізуде.

Еске салсақ, 4 тамыз күні сағат 16:20 шамасында Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оққа ұшқан үш жергілікті тұрғын жеткізілген. Олардың біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Облыстық полиция қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.