Мектептегі атыста қаза болған мұғалімнің күйеуі "жаралы жүректен" көз жұмды

28 мамыр 2022, 12:19

Биылғы 24 мамырда АҚШ-тың Техас штатындағы Увальд қаласында атыс болып, 21 адам қаза тапты. Оның ішінде екі мептеп мұғалімі бар. Соның бірі Ирма Гарсия еді. Ал бір күннен кейін әйелінің өліміне шыдай алмаған күйеуі де “жаралы жүректен” көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail-ге сілтеме беріп. 

Робб бастауыш мектебіндегіжаппай атыс кезінде қаза болған екі мұғалімнің бірі – Ирма Гарсия. Оның Джо есімді күйеуі болды, ер адам да жерлеу рәсімі өткеннен кейін, 26 мамыр күні бақилық болды. Туыстары Джо “жаралы жүректен” көз жұмғанын айтты.

"Мен Джоның жаралы жүректен қайтыс болғанына шын жүректен сенемін. Оған 25 жыл отандасқан өмірлік махаббатынан айырылу оңай тимеді”, – деді Ирма Гарсияның немере әпкесі Дебра Остин.


Мектепте атыс шығарған: Техаста жеткіншек шабуылынан 19 оқушы мен 2 ересек қаза тапты

"Басқалары түрімді көріп, қорқып қашатын": Өмірге астыңғы жақ сүйексіз келген азамат көрген қиындықтары жайлы айтты

Ер адамның жиендерінің бірі Джо Гарсия үйінде жүрек талмасынан көз жұмғанын жазды.

“Бұл екеуі кез келген адамды ешнәрсе қарамай өзін сүйікті жан сезінуге итермелейді. Олардың жүрегі таза болды. Джо Гарсиа 50 жаста еді. Әйелін жерлегеннен кейін үйіне оралған ер адамның сағы сынды, - деді оның жиені Джон Мартинес. 

Ол нағашысының "қайғыдан қайтыс болғанын" айтты.