Ел жаңалықтары

Мемкіріс комитеті шетелдіктер тегін берген 16 тонналық оттегі сыйымдылығын елге кіргізбей отыр

  • Мемкіріс комитеті шетелдіктер тегін берген 16 тонналық оттегі сыйымдылығын елге кіргізбей отыр

    Мемкіріс комитеті шетелдіктер тегін берген 16 тонналық оттегі сыйымдылығын елге кіргізбей отыр

Еліміздің Мемлекеттік кірістер комитеті Нидерландының Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде берген 16 тонналық оттегі сыйымдылығын елге кіргізбей отыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне Оралдағы оттегі өндіретін «Азотты зауыт» ЖШС-нің бас директоры Әлмұхаметов Ерболат айтып берді. 

Азот пен оттегі өндіретін зауыт директоры БҚО-дағы инфекциялық ауруханаларда жатқан науқастардың жағдайын көрген соң, шетелдік серіктестерінен көмек сұраған.

«Қаладағы инфекциялық аурухананың бәрін оттекпен қамтамасыз ету жұмысын аяқтап қалдық. Енді облысаралық көпбейінді ауруханада оттегі станциясы бар, соның газ баллондарды оттегімен қамтуға әлі жетпей жатыр. Соған көмек ретінде голландиялық серіктестеріміз қысымы биік, 16 тонналық бөшкені тегін беріп отыр. Оны жеткізіп беретін көлік компаниясын да таптық, енді соны Қазақстанда «жасыл дәліз» арқылы уақытша елге кіргізе алмай жүргенімізге бір жұмадан асты», - деді ол.

СЫЙЫМДЫЛЫҚТЫ ЕЛГЕ КІРГІЗУ ҮШІН 2 МЛН ТЕҢГЕ САЛЫҚ ТӨЛЕУ ҚАЖЕТ

Ерболат Әлмұхаметовтің айтуынша, Мемлекеттік кірістер комитеті сыйымдылықты елге кіргізу үшін кәсіпкердің заң бойынша 2 миллион теңгедей кедендік үстеме салығын төлеуі қажет екенін мәлімдеген.

«Сыйымдылықты елге кіргізу  үшін мемлекеттік кірістер комитетінің «жасыл дәліз» арқылы келетін зат екенін растайтын анықтама және 2 млн теңгедей қосымша үстеме салық төлеуіміз керек болып тұр. Серіктестеріміз аталған бөшкелерді уақытша гуманитарлық көмек ретінде беріп отырғандықтан, пандемия біткеннен кейін біз ол сыйымдылықтарды кері қайтарамыз. Шынын айтсам, оған 2 миллион теңге салық төлейтін біздің қаражатымыз болмай тұр. Осы жағынан бізге мемлекет қолдау білдіріп, көмек көрсетіп жіберсе жақсы болар еді. Әкімдіктен бұл мәселе бойынша көмек сұраған едік, бірақ ол кісілердің қолынан да келмей тұр. Әйтпесе, әкімнің орынбасары Мұхтар Мәкен мырза барынша тырысып жатқанымен, тікелей Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитетіне қарап тұрмыз», - дейді кәсіпкер.

16 ТОННАЛЫҚ СЫЙЫМДЫЛЫҚ 16 МЫҢ ГАЗ БАЛЛОНЫН ОТТЕГІМЕН ҚАМТИ АЛАДЫ

Аталған оттегі сыйымдылығы елге келсе, 85 келілік газ баллонын күні-түні тасып жүрген дәрігерлер мен еріктілердің жұмысын жеңілдейтін еді. 

«Оттегіні 16 тонналық бөшкеге құйып, желі арқылы жалғасақ ауруханадағы медбикелер де, ерікті жігіттер де 85 келілік газ баллондарын ары-бері тасып, әуре болмайтын еді. Оттегіні мәшинемен әкеліп құя саламыз, әкелген сыйымдылығымыз бір мезетте 16 мың баллонның сұйықтығын сыйдырады. Көз жұмып жатқан өз қандастарымыз, өзі аз-ақ елміз. Бір адамның болсын өмірін сақтап қалуға тырысу керекпіз. Біздің ең ауыр жанайқайымыз осы болып тұр.  Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісінен де көмек сұрадық, мемлекет басшысы біздің үнімізді естісе екен», - деп күйінді ол.

Егер, Мемлекеттік кірістер комитеті құжат жағына қатысты мәселелерді реттеп берсе, оттегі сыйымдылығы елге бір жұма көлемінде келеді екен.

«Атыраудың инфекциялық ауруханасына күніне 800-900 баллон апарамыз, біздің жігіттер түнімен көз ілмей екі ауысым бойынша жұмыс істеп жатыр. Енді тағы қосымша еріктілерді алып жатырмыз. Дайын оттегі сыйымдылығын тегін жеткізіп беретін автокөлік компаниясында тауып қойдық.  Енді тек қана мемлекеттен қолдау берсе, бір жұма ішінде сыйымдылық елге келеді», - деді.

Azattyq Rýhy тілшісі аталған мәселе бойынша, Мемлекеттік кірістер департаментінің БҚО-дағы баспасөз хатшысы Айман Қуановамен хабарласты. Баспасөз өкілі аталған мәселеге қатысты мән-жайды анықтап, ресми хабарын беретінін айтты.

Айжан Қалиева, Алматы


 




Көрілген: 883    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.07.2020, 18:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30