Ел жаңалықтары

Мемлекет басшысы 5 елдің президентімен сөйлесті

  • Мемлекет басшысы 5 елдің президентімен сөйлесті

    Мемлекет басшысы 5 елдің президентімен сөйлесті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Әзірбайжан басшыларымен телефон арқылы сөйлесті,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттері бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы бауырлас халықтарға жақсылық, бақ-береке тіледі.

 
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен сөйлесу кезінде қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Садыр Жапаровтың биылғы 2-3 наурыз күндері Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіндегі тығыз ықпалдастықты жалғастыра беруге уағдаласты. Қырғыз көшбасшысы гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

Президент Эмомали Рахмонмен келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта Тәжікстанға жасайтын ресми сапарының жай-жапсары қарастырылды.

Президенттердің пікірінше, Душанбеде өтетін келіссөздер қазақ-тәжік ынтымақтастығының көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді және өңірлік ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жаңа қадамдарды белгілейді.

Мемлекетаралық байланыстардың перспективалары да Қазақстан мен Түрікменстан президенттері сұхбатының негізгі тақырыбы болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов қазақ-түрікмен көпжоспарлы серіктестігін жаңа әрі сапалы деңгейге жеткізуге бейілді екенін нақтылады. Мемлекет басшыларының пікірінше, бұған Қазақстан Президентінің алдағы уақытта Ашхабадқа жасайтын сапары айтарлықтай септігін тигізеді.

Мемлекет басшысының Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен әңгімелесуі кезінде достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-өзбек қатынастарының жоғары деңгейде екені айтылды.

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың даму қарқынын сақтау мақсатындағы екі ел үкіметтерінің ықпалдастығын атап өтті. Қазақстан мен Өзбекстанның көшбасшылары Орталық Азия өңіріндегі ахуал мен Ауғанстан проблемасы бойынша пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті биыл Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен әңгімелесу кезінде қазақ-әзербайжан ынтымақтастығының барлық бағытына тың серпін беру үшін әлеуетті барынша пайдаланудың маңыздылығы айтылды.

Өзара сауда-саттықты ұлғайтуға, экономиканың негізгі салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған шаралар қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесіндегі Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсеткені үшін әзербайжандық әріптесіне ризашылығын білдірді.




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 15:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30